Антарктида екіге бөлінді

Фотография - Антарктида екіге бөлінді

Антарктиданың В-31 деп аталатын айсбергі «Қарағайлы арал» (Pine Island Glacier) мұздығынан ажырады.

176 0

Антарктиданың В-31 деп аталатын айсбергі «Қарағайлы арал» (Pine Island Glacier) мұздығынан ажырады. Оның ұзындығы 35 шақырым, ал ені 20 шақырым. Салыстырмалы түрде Сингапурмен немесе Дубаи штатының аумағына бара-бар.

Ғалымдар бұл құбылысты 2011 жылы байқаған. Кейіннен инфрақызыл және радиолокациялық зерттеулерден белгілі болғанындай, мұздықтардың арасы жылына 4 шақырымға ұзаған. Бұған негізгі себеп – судың жылуы көрінеді.

В-31 қалай қарай қозғалатынын алдын-ала болжау мүмкін болмай отыр.

«Егер таудағы өзенге таяқ тастасаңыз ол айналып отырып, біресе жылдам, біресе баяу ағып отырады. Айсбергтің де қозғалысы дәл сол таяқ секілді. Айырмашылық тек көлемінде ғана, тек оған үлкен таяқ ретінде қараңыз», - дейді НАСА ғалымы Роберт Биндшадлер (Robert Bindschadler).


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!