Шоколад жайлы біз білмейтін 10 жайт...

Фотография - Шоколад жайлы біз білмейтін 10 жайт...

Ең үлкен шоколадтың салмағы 6 тоннаны құрайды, ертеде майялар 100 какао ағашына бір құл сатып алатын болған. Шоколад туралы осы және басқа да қызықты жайттарды «ТОП-10: Шоколад» топтамасында segodnya.ua ұсынады.

603 0

Ең үлкен шоколадтың салмағы 6 тоннаны құрайды, ертеде майялар 100 какао ағашына бір құл сатып алатын болған. Шоколад туралы осы және басқа да қызықты жайттарды «ТОП-10: Шоколад» топтамасында segodnya.ua ұсынады.

Әлемдегі ең үлкен шоколадтың салмағы 6 тоннаны құраған. Британдық «Thorntons» компаниясы өзінің ғасырлық мерейтойына осындай алыпты пісірген екен.

Әлемде шоколад қоры азайып келеді. Латын Америкасында какао ағаштары белгісіз ауруға ұшырап, соның салдарынан шикізат қоры едәуір төмендеп кеткен көрінеді. Әзірше бұл ауру Африкаға жете қойған жоқ. Егер жете қалған жағдайда және жылдан жылға шоколадқа деген сұраныстың өсіп келе жатқанын, шикізат тапшылығын ескере отырып, осы өнімнің бағасы күрт шарықтап кетуі мүмкін дейді мамандар.

Шоколад туралы көптеген шығармалар жазылып, бірнеше кинофильмдер түсірілген.

Ацтектердің билеушілері үлкен мөлшерде шоколад ішіп отырған. Мәселен, 15-ғасырда өмір сүрген Монтесума есімді ацтектердің билеушісі күн сайын 50 тостаған қантсыз қою шоколад ішкен екен.

Шоколадтың құрамында кофеиннен басқа теобромин атты препарат бар. Теоброминнің жөтелді басатын, қан қысымының жоғарылауымен күресетін қасиеті бар, алайда оны өте көп мөлшерде пайдалану адамның улануына әкеп соқтыруы мүмкін.

Шоколад антиоксиданттарға бай. Шоколадтың құрамындағы флавоноидтер жүрекке пайдалы, әрі қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі. Шоколадтың құрамында какао неғұрылым көп болса, ол соғұрылым пайдалы деп есептелінеді. Тағы бір кеңес, шоколад жеген кезде сүт ішу дұрыс емес.

Ацтектер мен майялар шоколадты валюта ретінде пайдаланған.

Сүтті шоколад салыстырмалы түрде жақында шыққан. 1875 жылы сүтті шоколадты Нестле деген адам ойлап тапқан екен.

Әр түрлі елдерде шығарылатын шоколад өнімдерінің дәмі де алуан түрлі болып келеді. Оның себебі - әр елде шоколад құрамына қосылатын какаоның үлесі әр түрлі.

    Шоколад плантацияларында негізінен балалар жұмыс жасайды. Африканың шоколад плантацияларында 56 миллионнан 72 миллионға дейін бала еріксіз еңбек етеді. Негізінен, ол - ата-анасы құлдыққа сатып жіберген немесе осы шаруашылық иелерінің алдау-арбау қармағына түскен балалар.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!