Қытай: Айға таяуда аппарат қондырамыз

Фотография - Қытай: Айға таяуда аппарат қондырамыз

Қытай желтоқсанның басында Айға алғашқы робот аппаратын қондырмақ. Бұл туралы бүгін Қытайдың ғылым, технология және ұлттық қорғаныс агенттігі мәлімдеме таратты. Агенттік аппараттың Айға нақты қашан қондырылатынын айтпады

178 0


Қытай желтоқсанның басында Айға алғашқы робот аппаратын қондырмақ. Бұл туралы бүгін Қытайдың ғылым, технология және ұлттық қорғаныс агенттігі мәлімдеме таратты. Агенттік аппараттың Айға нақты қашан қондырылатынын айтпады.

Агенттіктің хабарлауынша, робот аппараты Айдың беткі қабатын зерттемек. Аппаратқа "Jade Rabbit" ("Көкшіл қоян") деген ат берілген. Бұл атау Қытайдың ертедегі Айда мекендейтін қоян туралы мифінен алынған.

Қытай 2007 жылы Жердің табиғи серігіне алғашқы аппаратын ұшырып, ол Айдың беткі қабатын суретке түсіріп алған еді.

Қытайдың коммунистік басшылығы елді АҚШ және Ресеймен қатар тұратын ғарыштық державаға айналдыруды көздеп отыр.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!