Мұсылманның қолымен сызылған әлемнің алғашқы картасына 500 жыл толды

Фотография - Мұсылманның қолымен сызылған әлемнің алғашқы картасына 500 жыл толды

Пири-реис сол кездегі мұсылман теңіз саяхатшыларының тәжірибесіне, математикалық амалдар мен геометрияға сүйене отырып, әлем картасын сызып шыққан болатын. 

151 0

Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын бөлімшесінің (ЮНЕСКО) ұйытқы болуымен түріктердің астанасы Анкара қаласында түрік-мысыр флотының адмиралы Пири-реистің қолымен сызылған әлемнің алғашқы картасының пайда болғанына 500 жыл толуына орай симпозиум өтті. Әлемнің алғашқы картасы григориан күнтізбесі бойынша 1513 жылы хатқа түскен болатын.

Пири-реис сол кездегі мұсылман теңіз саяхатшыларының тәжірибесіне, математикалық амалдар мен геометрияға сүйене отырып, әлем картасын сызып шыққан болатын. 

«Адмирал Пири-реис XV ғасыр соңында Испания жағалуынан адамдарға қолұшын созып, құтқарып қалған жаны ізгі адам болатын»,- деп айтылған Түркиядағы ЮНЕСКО-ның өкілі Оджал Оғыздың осы айтулы шараға байланысты жасаған баяндамасында. Нақтырақ айтқанда, ол XV ғасырдың соңында Испаниядағы қатал саясаттың құрығына ілініп, құрбанына айналған мұсылмандар мен иудейлерді өз кемесіне мінгізіп, төніп тұрған қатерден аман алып қалған.

Мұсылмандардың теңіз навигациясына үлкен үлес қосқанын мына мысалдармен өрнектеуге болады: шамамен 1421-1500 жылдары өмір сүрген араб теңіз саяхатшысы Ахмет ибн Мәжит Үнді мұхитын шарлаған португалдық Васко да Гаманың лоцманы болып жүргенде жиған тәжірибесіне сүйене отырып,  штурмандық және лоцмандық тақырыбына қалам тартқан әлемдегі алғашқы автор. 


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!