Кенесары ханның батырлары жерленген орын табылды

Фотография - Кенесары ханның батырлары жерленген орын табылды

Қазақ тарихы тағы бір құнды жәдігермен толықты.

349 0

Қазақ тарихы тағы бір құнды жәдігермен толықты.

Астанада Кенесары ханның 50 қолбасшысы мен ең мықты деген 200 сарбазы жерленген орын табылды. Жәдігер елорда орталығындағы «Қаралы өткел» мазарында орналасқан. Оны зерттеп, жазуларын оқуға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарихшы, арабтанушы мамандары қатысты. Олардың қатарында болған Жандарбек Мәлібековтың айтуынша, құлпытастың көп бөлігі топыраққа сіңіп кеткен, сондықтан тарихи жазулардың толық мағынасы ашылмай тұр. Жәдігерді 1838 жылы қасиетті Рамазан айында Сармырза деген азамат орнатқан. Профессор қорында зерттеуді қажет ететін ескерткіштердің көптігін айтты. Мәселен, 1879 жылы қаза тапқан шейх Бердібай Қабиболлаұлының құлпытасы тұрғаны мәлім, алайда оның да әлі ашылмаған сыры көп. Сондықтан тарих тағылымын ұрпаққа жеткізу үшін көп жұмыс жасау қажеттігін атап өтті.

Жандарбек Мәлібеков, профессор:

- Бұл табылған ескерткіш – біздің тарихымызда, жалпы Астана қаласының тарихындағы ерекше құбылыс. Өйткені тарихты білген сайын, біз өзімізді танимыз. Тастарда жазылған жазулардың көбі төте, латын, араб, парсы, шағатай жазуларымен жазылған. Сондықтан олар зерттеуді қажет етеді. Бұл табылып жатқан ескерткіш – тарихымыздың бір ерекше кезеңі.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!