Өзге әйелдерге көз салғызбайтын гормон табылды

Фотография - Өзге әйелдерге көз салғызбайтын гормон табылды

Бұдан былай окситоцин гормонының көмегімен әйелдер күйеулерінің суық жүрісін тыятын болады. 

174 0

Неміс эндокринологтері ер адамдардың сүйген қыз-келіншектерін ажарлырақ ете түсудің амалын тапты. Бұдан былай окситоцин гормонының көмегімен әйелдер күйеулерінің суық жүрісін тыятын болады. 

«РИА Новости»-дің хабарлауынша, Бонн университетінің ғалымдары 20 еркекті қатыстырып, зерттеу жүргізген. Олардың бір тобы мұрындарына окси­тоцині бар спрейді, екінші тобы пла­цебоны тамызған. Сынаққа қа­тысушылар өз әйелдерінің және басқа бір таныс қыз-келіншектің суреттеріне баға беруі керек болды. Тәжірибе барысында ерлердің миы магнитті-серпінді томографияға түсірілді. Зерттеудің нәтижесінде мұрнына окситоцин тамызған ерлердің өз келіншектерінің сұлулығын жоғары бағалағаны анықталды. Екінші топтан мұндай ерекшелік байқалмаған. Ғалым Рене Хурле­манның айтуынша, окситоцин гормоны ер адам миын­дағы «ынталандыру жүйесінің» жұ­мысын күшейтеді. Соның әсерінен ер­кектің іңкәрлігі артып, сүйгеніне бауыр басады, шын беріледі, деп жазады "Алаш айнасы" басылымы.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!