2015 жылы америкалықтар Айға егін екпек

Фотография - 2015 жылы америкалықтар Айға егін екпек

2015 жылы америкалықтар Айға шалқан егуді жоспарлап отыр. Алдымен арнайы ыдысқа салынған ұрықтар мен су толы резервуар ғаламшарға жеткізілгеді.

149 0

2015 жылы америкалықтар Айға шалқан егуді жоспарлап отыр. Алдымен арнайы ыдысқа салынған ұрықтар мен су толы резервуар ғаламшарға жеткізілгеді. Кейін қашықтықтан басқару арқылы ғалымдар өсімдіктерді суғарып отырмақшы.

Moon Express деп аталатын ұшу аппаратын Айға қондыруды НАСА өз мойнына алып отыр. Ғарышқа шалқанмен бірге ақшешек және райхан гүлінің ұрықтары жеткізіледі. Ғалымдар осылайша Айдағы атмосферада ұрықтардың қандай реакция беретіндігін анықтап көрмек.

"Адамдар Айда күн көріп кете алады ма? Мұны тексеріп көру үшін ең алдымен ғаламшарға өсімдіктерді жіберіп көреміз. Олар адамдар секілді қоршаған ортаны тез сезініп, тез қалыптасып үлгереді. Олар да адамдар секілді радияцияны қабылдайды" деп жазады Эймс зерттеу орталығының өкілі Кристофер МакКей.

Айта кетейік, ұрық егілген жабық ыдыстың ішінде 5 күнге жететін ауа болады. Бес күн өткеннен кейін өсімдіктердің топырақты тесіп шығар-шықпасы тексерілмек. Ал, ұрықтың қалай дамып жатқандығын мамандар арнайы бейнекамера арқылы бақылайтын болады. Егер зерттеу жұмыстары өз нәтижесін беріп жатса Айға өзге өсімдіктер жеткізіледі.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!