«Ғасыр» кометасы күнге жетпей, ыдырап кетті

Фотография - «Ғасыр» кометасы күнге жетпей, ыдырап кетті

Британия астрофизиктерінің болжамдары бойынша, ғасырдың ең жарық кометасы аталған ISON кометасы күнге жетпей, ыдырап кеткен.

213 0

Британия астрофизиктерінің болжамдары бойынша, ғасырдың ең жарық кометасы аталған ISON кометасы күнге жетпей, ыдырап кеткен.

Кеше айтқанымыздай, жер тұрғындары таңғажайып ғарыш шоуын тамашалай алмады. Комета бақылау экранынан ғайып болды. Ғалымдар құйрықты алыптың Күнге жетпей-ақ жарты жолда Күн радиациясы мен гравитациясының әсерінен ыдырап кеткенін айтып отыр. Алайда, алып тастың ыдыраған бөліктері Күннен 1,1 миллион шақырым қашықтықта қозғалып жүрген көрінеді.

Естеріңізде болса, кеше «Ғасыр» кометасының күнмен соқтығысатынын жазған болатынбыз. Кометаны алғаш ресейлік астрономдар 2012 жылы қыркүйек айында ашқан. Ғасыр кометасы Юпитер орбитасының артында көрінсе де, оның жарық сәулесі ғалымдарды таң қалдырған.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!