«Бәйтерек» зымыран кешені «Зенит» ЗТ базасына көшіріледі

Фотография - «Бәйтерек» зымыран кешені «Зенит» ЗТ базасына көшіріледі

«Бәйтерек» зымыран кешені «Зенит» зымыран тасымалдағышы базасына көшіріледі. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі басшысының орынбасары Мейірбек Молдабеков мәлiмдедi.

241 0

2004 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Президенттері «Байқоңыр» ғарыш айлағында зиянды, улы заттарды пайдаланатын «Протон» зымыран тасымалдағышын ұшыруды азайту және «Бәйтерек» атты зымыран кешенін құру жөнінде келісімге қол қойған болатын. Сол келісімді жүзеге асыру аясында «Бәйтерек» кешенін «Ангара» зымыран тасымалдағышы базасында құру туралы келісім жасалды», - деді М.Молдабеков.

Алайда, оның айтуынша, «Ангараның» құрылысы әлі аяқталған жоқ. Сондықтан, екі ел Президенті «Бәйтерек» жобасын «Ангара» зымыранынан «Зенит» зымыран тасымалдағышына көшіру туралы келісімге келген.

«Бұл шешім біз үшін тиімді. Себебі, біз жаңа кешен салуға қаржы жұмсамай, бұрыннан келе жатқан «Зенит» кешенін пайдалануды жалғастыратын боламыз», - деп түйіндеді Ұлттық ғарыш агенттігі басшысының орынбасары.

BNews.kz сайтынан

Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!