Елімізде ғарыш аппараттарын жасау және сынау кешені құрылады

Фотография - Елімізде ғарыш аппараттарын жасау және сынау кешені құрылады

2015 жылға қарай елімізде ғарыш аппараттарын жасау және сынау кешені құрылады.

173 0

2015 жылға қарай елімізде ғарыш аппараттарын жасау және сынау кешені құрылады.

Ал алдағы жылдың ІІ тоқсанында «Қазсат-3» жерсерігі ұшырылады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков өз саласындағы жаңалықтармен бөлісті. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон» зымыран тасығышының ұшырылуын шектеу қазірге мүмкін емес. Өйткені Ресеймен келісімшарт бар. Тек ұшуды азайтуға болады. Оны жүзеге асыру 2025 жылға дейін жоспарланғандығын айтуда. «Бәйтерек» ғарыш кешенінен бұрын жоспарланған «Ангара» зымыран тасығышы емес, «Зенит» ұшатын болды. Бұл қаржылық жағынан тиімді шешім. Ал ғарышқа қазақ ұлтынан қазірге ешкім ұшпайды. Өйткені сапар құнын қалта көтермейді әрі қажеттілік те шамалы көрінеді.

Мейірбек Молдабеков, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары:

- Ғарышкердің ғарышқа ұшқаны бізге қажет пе? Ғарышқа неге ұшады? Ол өз елінде жасалған ғарыштық техниканы ғарыштық жағдайда сынау үшін ұшады. Ғарышқа ұшу құны 150 млн. АҚШ долларын құрайды. Ал бізде қазірге өндіріс іске қосылған жоқ. Біз 150 млн. АҚШ долларына зауыт салып жатырмыз. Экономикалық тұрғыдан тиімдісін ойлану керек.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!