Әлемдегі ең қабілетті оқушылар анықталды

Фотография - Әлемдегі ең қабілетті оқушылар анықталды

PISA (Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы) білім беру жаһандық рейтингінде Шанхайдың мектеп оқушылары алғашқы орынды иеленді

158 0

PISA (Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы) білім беру жаһандық рейтингінде Шанхайдың мектеп оқушылары алғашқы орынды иеленді, деп жазады lenta.ru.

Шанхайдың мектеп оқушылары зерттеудің барлық үш санатында - математика, оқу және ғылыми сауаттылық бойынша алғашқы орынды иеленді. Қытайдан басқа осы санаттағы үздіктер бестігіне негізінен Шығыс Азия елдерінен: Сингапур, Тайвань, Жапония және Оңтүстік Кореядан келген қатысушылар енді.

Барлық үш санат бойынша алғашқы ондыққа Азия елдерінен Вьетнам, ал батыс мемлекеттерден - Ирландия, Польша, Лихтенштейн, Швейцария, Нидерланды, Эстония және Канада кірді.

PISA рейтингі 2000 жылдан бастап әр үш жыл сайын жүргізіледі. Оның көмегімен оқушылардың академиялық білімі емес, олардың сол білімді тәжірибеде қаншалықты сәтті қолдана алатыны бағаланады. 2012 жылы зерттеуге 65 мемлекеттен 15-16 жастағы 510 мыңға жуық жасөспірім қатысқан.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!