Ғалымдар адам мен акуланың генетикалық ұқсастығын тапты

Фотография - Ғалымдар адам мен акуланың генетикалық ұқсастығын тапты

Ғалымдар ақ акуланың гендер жиынтығын данио балығы мен адамның гендер жиынтығымен салыстырып көрді.

242 0

Ғалымдар ақ акуланың гендер жиынтығын данио балығы мен адамның гендер жиынтығымен салыстырып көрді. Салыстыру акулалардың зат алмасуға жауапты ақуыздарының адамның осындай функцияны атқаратын ақуызына ұқсас болатынын көрсетті, деп жазады ria.ru.

Ақ акула ең жыртқыш акулаларлың түрі болып табылады және қазір ол түрдің жойылу қаупі төніп тұрғандықтан, ғалымдар оны зерттеуге құмар болып келеді.

Корнелль университетінің ғалымдары (АҚШ) браконьерлер ұстаған ақ акуланың жүрегін зертеген. Зерттеушілер ақ акуланың гендер жиынтығын данио балығы (Danio rerio) мен адамның гендер жиынтығымен салыстырып көреді. Нәтижесінде данио балықтарының акулаға ұқсастықтары аз екендігі анықталып, керісінше, бұл жыртқыштың зат алмасуға жауапты ақуыздары адамның осындай функцияны атқаратын ақуызына ұқсас болатынын анықтады.

Ғалымдар мұндай қорытындыны ақ акулаларда, атап айтқанда, жылықанды балықтарда салқынқанды балықтарға қарағанда зат алмасу өте шапшаң өтетіндігімен түсіндіруге болады деп ойлайды. Болашақта ғалымдар ақ акуланың генін басқа жылықанды жыртқыш балықтармен салыстырып, өз болжамдарын тексеруді жоспарлауда.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!