Өскемендік оқушылар «Альфа Рекс» құтқарушы роботын жасап шығарды

Фотография - Өскемендік оқушылар «Альфа Рекс» құтқарушы роботын жасап шығарды

Өскемендегі №25 мектептің 6-сынып оқушысы Мәлика Құнанбаева өзінің бауыры Алмаспен бірге «Альфа Рекс» құтқарушы роботын жасап шығарды

288 0

Өскемендегі №25 мектептің 6-сынып оқушысы Мәлика Құнанбаева өзінің бауыры Алмаспен бірге «Альфа Рекс» құтқарушы роботын жасап шығарды. Жас құрастырушылар өз жобаларын аймақта тұңғыш рет ұйымдастырылған «IT Шығыс-2013» көрмесінде көпшіліктің назарына ұсынды.

«Туындымызды құтқарушы робот деп атауымыз тегін емес. Кейін мұндай роботтар түрлі табиғи не техногендік апаттан зардап шеккен аймақтарда адамдарды құтқару жұмыстарына атсалысады деп үміттенеміз. Жалпы, бұл роботты Lego конструкторларының көмегімен жасадық. Бұл бірінші роботымыз емес, бұған дейін де түрлі жұмыс атқара алатын құлтемірлер жасаған болатынбыз. Енді жұмысымызды көрмеге әкеліп, өзіміз сияқты жас робот жасаушылармен кездесіп, олардың жұмыстарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алып отырмыз. Мұндай көрмелер жиірек ұйымдастырылса, жақсы болар еді», - деген Малика мектептерде робототехниканың негіздерін үйрететін үйірмелер ашылса деген де тілегін жеткізді.

Жалпы, бұл көрменің еліміздің Шығысында өткізілуі кездейсоқ жағдай емес. Республика көлемінде шығарылатын IT өнімдердің басым бөлігі осы облысқа тиесілі екен. Атап айтқанда, компьютерлік бағдарламалардан титтей болсын хабары бар жанға жақсы таныс 1С негізіндегі шешім мен тұңғыш қазақстандық «Альтаир» антивирустық бағдарламасы сияқты жаңалықтар Шығыс Қазақстанда жарық көрген - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«IT Шығыс-2013» көрмесінің іскерлік бағдарламасы аясында қатысушылар үшін ақпараттық секциялар ұйымдастырылды. Олардың ішінде «Microsoft» ұсынған бұлтты технологиялар негізіндегі кешенді шешімдер, деректерді қорғау, «Smart City», IT саласында бизнесті ұсынуға арналған шешімдер, бизнес инкубатор сияқты тақырыптық секциялар болды. Ал «Касперски зертханасы», «ESET», «1C», «2ГИС», «SOYLEM» және «Dr.Web» компаниялары тыңдаушыларға өздерінің соңғы өнімдерін ұсынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!