Антарктидада тарихтағы ең суық температура тіркелді

Фотография - Антарктидада тарихтағы ең суық температура тіркелді

Антарктидадағы жапониялық «Купол Фудзи» зерттеу станциясында ауа температурасы Цельсий шкаласы бойынша минус 91,2 градусты көрсетіп, жаңа рекорд орнатты

340 0

Антарктидадағы жапониялық «Купол Фудзи» зерттеу станциясында ауа температурасы Цельсий шкаласы бойынша минус 91,2 градусты көрсетіп, жаңа рекорд орнатты. Жер бетінде бұрын-соңды мұндай төмен температура болмаған дейді ғалымдар - деп хабарлады  baq.kz

Ауа-райы өлшемін жер серіктері берген мәліметтерге сүйене отырып америкалық қар мен мұзды зерттеу орталығы анықтаған. Мамандардың мәліметінше, температураның рекордтық көрсеткіші теңіз деңгейінен 3720 метр биіктікте, желсіз, жауын-шашынсыз кезде орын алыпты.

Бұған дейін ең суық температура 1983 жылы тіркелген болатын. Ол кезде "Восток" кеңестік зерттеу орталығының маңында термометр Цельсий шкаласы бойынша -89,2 градусты көрсеткен еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!