Саудиялық және қытай ғалымдары құрма ағашының тегіне үңілді

Фотография - Саудиялық және қытай ғалымдары құрма ағашының тегіне үңілді

Эр-Риядтағы король Әбдіәзіз атындағы ғылым және технология университетінің әрі BGI зерттеу орталығының (Қытайдағы Шэньчжэнь еркін экономикалық аймағы) өкілдерінен тұратын ғалымдар тобы құрма ағашының генетикалық құпиясын ашқанын хабарлады

187 0

Эр-Риядтағы король Әбдіәзіз атындағы ғылым және технология университетінің әрі BGI зерттеу орталығының (Қытайдағы Шэньчжэнь еркін экономикалық аймағы) өкілдерінен тұратын ғалымдар тобы құрма ағашының генетикалық құпиясын ашқанын хабарлады, деп жазды muslim.kz.

Халықаралық зерттеу тобының саудиялық жағының жетекшісі Мұхаммед ас-Субайл тілшілерге аталмыш жаңалықтың нақты мәні мен маңызын айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, құрма ағашының тегіне қатысты құпияны тарқату араб-мұсылман әлемінің ауылшаруашылығына тән осынау жеміс ағашының ауруларымен тиімді күресуге мүмкіндік беретін көрінеді.

Құрма ағашы негізінен Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада өсіп-өнеді. Әлемде осынау өсімдіктің 2000-дай түрі кездеседі екен. Ал, Сауд Арабиясында оның 450 түрі өсіп-өнеді. Жер шарында шамамен 100 млн құрма ағашы бар десек, оның 10 млн-ы Сауд Арабиясында екенін айта кету керек. Экономикалық есеп-қисап бойынша бұл ел әлемдегі құрманың 14 пайызын өндіреді.

2010 жылы ғалымдардың осынау тобы араб сахарасындағы бір өркешті түйенің де генетикалық құпиясын ашып, төрт түліктің төресі атанған жануардың иммундық жүйесін тереңірек білген еді. Түйенің сүті денсаулыққа пайдалы, сырқатқа ем екенін екінің бірі біледі. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!