ОҚО-да алғаш рет 11 науқасқа бүйрек алмастыру отасы жасалған

Фотография - ОҚО-да алғаш рет 11 науқасқа бүйрек алмастыру отасы жасалған

Оңтүстік Қазақстан облысында аймақтар арасында алғаш рет 11 науқасқа бүйрек алмастыру операциясы жасалды

164 0

Оңтүстік Қазақстан облысында аймақтар арасында алғаш рет 11 науқасқа бүйрек алмастыру операциясы жасалды. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов мәлім етті.

«Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының жарақталу көрсеткiшi 25,3% - дан 57,4% - ға көтеріліп, республикалық орташа көрсеткішке жетті. Нәтижесінде жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2009 жылғы 9,7 – ден 7,3 – ке төмендеді. Аналар өлім-жітімінің көрсеткіші 31,9 – дан 12,2 – ге, ал нәресте өлімі 25,5 – тен 12,9 – ға төмендеді», - деді облыс басшысы.

Облыста аймақтар арасында алғаш рет 11 науқасқа бүйрек алмастыру отасы жасалған. Жалпы жүрекке 1533, оның ішінде 391 балаға операция жасалды - деп хабарлады   bnews.kz

«Денсаулық сақтау саласы бойынша биыл 69 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 54-і облыстық бюджеттен қаржыландырылуда. Бүгінгі күні 50 нысан іске қосылды. Желтоқсан айында қосымша 15 нысан қосылады. 38 нысан күрделі жөндеуден өтті», - деп мәлім етті А.Мырзахметов.

Әкімнің хабарлауынша, медициналық ұйымдар 100% санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген. 2004 жылдан бері созылып келе жатқан 10 денсаулық сақтау нысанының құрылысы толығымен шешіліпті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!