Поп-музыка есте сақтау қабілетін жақсартады

Фотография - Поп-музыка есте сақтау қабілетін жақсартады

Поп-музыканы тыңдау бас сүйек-ми зақымын алған емделушілерге есте сақтау қабілетін қалыпқа келтіруге көмектеседі.

274 0

Поп-музыканы тыңдау бас сүйек-ми зақымын алған емделушілерге есте сақтау қабілетін қалыпқа келтіруге көмектеседі. Бұл туралы Австралиядағы Ньюкасл университетінің және Францияның солтүстігіндегі Лилльск университетінің қызметкерлері мәлімдеді, деп жазады РБК.

Ғалымдар анықтағандай, музыка тыңдаған уақытта зардап шекен адамның миында сау адамның миындағыдай кейбір естеліктер жаңартылады. Амэ Бэрд және Северин Самсонның басшылығымен алғаш рет музыка және оның бас сүйек-ми зақымын алған адамдардың жағдайына әсері арасындағы байланыс қарастырылған зерттеу жүргізілді.

Зерттеу барысында мамандар бас миы жарақатын алған бес өз еркімен қатысушы және олардың әр түрлі белгілі әндердің үзінділерінен алған әсерін қадағалады. Осындай сараптама сау адамдарға да жүргізілді. Одан әрі барлығынан олар тыңдаған әуеннің қаншалықты таныс екенін, оларға ұнады ма, жоқ па және нені еске түсіретінін жазуды сұраған.

Авторлар естеліктер зардап шеккен емделушілердің миында  сау адамдардың миындағыдай қайта жаңартылғанын анықтады. Негізінен өз еркімен сыналғандар адамдар белгілі бір жерлерді, белгілі бір өмір сүрген кезеңдерді ғана еске түсірген және әдеттегідей, мұның барлығы олардың жағымды көңіл күйіне әсер еткен. Сонымен қатар, жағымды көңіл күй тудыратын әндер қайғыны еске түсіретін әндерге қарағанда қатты әсер етеді.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!