Қазақ тілін үйренудің заманауи әдісі

Фотография - Қазақ тілін үйренудің заманауи әдісі

Бүгін Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры мемлекеттік тілді тегін оқытатын «www.soyle.kz» интернет-порталының ашылу рәсімін өткізді

192 0

Бүгін Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры мемлекеттік тілді тегін оқытатын «www.soyle.kz» интернет-порталының ашылу рәсімін өткізді. 

Жиында интернет порталдың мақсаты мен ерекшеліктеріне тоқталған жоба авторларының бірі, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев өз сөзінде елімізде тегін онлайн-курстың жоқтығын атап өтті - деп хабарлады  baq.kz

«Қазіргі таңда интернет жүйесінде қолжетімді, тегін онлайн курс жоқ. Сондықтан да біз тілдерді оқытудың халықаралық және отандық іс-тәжірибесінің тиімді тұстарын зерттеп, сараптай келе, қазақ тілін оқытудың онлайн курсын әзірлеуді қолға алдық. Бұл мемлекеттік тілді оқыту мәселесінде айтулы қадам. Қазіргі заманда тек ақпараттық технологиялар ғана мемлекеттік тілді жалпыға бірдей оқытуды қамтамасыз ете алады. Біздің түпкі мақсатымыз қазақ тілін үйренемін деушілерге барынша көмектесіп, сабақтарды мейлінше қарапайым, мейлінше түсінікті түрде тегін үйрету», - деді ол.

Онлайн портал күнделікті өмір мен кәсіби қызметтін көптеген қырларын қамтиды. Әзірге порталда қазақ тілін үйренудің бастапқы деңгейі бойынша тапсырмалар мен жаттығулар әзірленген. Жобаны әзірлеуге ҚР Тұңғыш Президенті Ұлт Көшбасшысының қоры мен «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» компаниясы қолдау көрсеттіп, 8 млн теңге қаржы жұмсалыпты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!