Майдың пайдасы мен зияны жайында

Фотография - Майдың пайдасы мен зияны жайында

Сіз бұрын-соңды холестерин туралы естіген боларсыз.

2631 0

Сіз бұрын-соңды холестерин туралы естіген боларсыз. Тіпті, оны шектеу қажет деп ойлайтын да боларсыз. Зәйтүн майының бір қасығы жануар майының бір кесегінен пайдалы деп ойлайтында шығарсыз. Шын мәнінде, осының бәрі солай ма? Бүгін осы мәселеге тоқталсақ.

Дәрігерлер көп жағдайда артық салмағы немесе жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларына бейімділігі бар науқастарға қандағы холестерин құрамын төмендету үшін ас мәзіріндегі май көлемін азайтуға кеңес беріп жатады. Ал адамдар майлы еттен, майлы балықтан бас тарта отырып, салатқа өсімдік майын құяды. Бұл дегенмен сондай «майлы» май емес қой... Әлде солай ма?

Май қышқылдары (липидтері) қуаттың мол қоры екендігі ақиқат. Алайда жоғары қуаттылық құндылығы калорияны тұтынуды қалап, ас мәзірінен майларды мүлдем алып тастауға себеп емес.

Егер липидтерден мүлдем бас тартар болсақ, онда зат алмасу тежеледі. Себебі май қышқылдары ағзаның барлық жасушаларының негізгі, әрі құрылыс материалы болып табылады. Яғни, майсыз өмір жоқ.

Алайда май да әртүрлі болатының да естен шығармаған жөн. Атап айтқанда, өсімдік және жануарлар майлары — бұл бір емес. Жекелеп айтқанда, май қышқылдарының қанығуындағы айырмашылығында.

Қаныққан қышқылдар зиянды, қанықпаған қышқылдар пайдалы болып есептеледі. Біріншісінде жануар майы, екіншісінде өсімдік майы бар.

Яғни — өсімдік май пайдалы, ал жануар май зиянды болғаны ма?

Әсет олай емес. Бүгінгі күні қара пиардың барлық тамашаларын өзінде сынап көрген холестериннен кез-келген салауатты өмір салтын ұстанамын деген адам қашады. Өйткені, өсімдік майында «жақсы» холестерин, ал «нашары» сары майда болады деп ойлайды.

Сондықтан күнделікті тұтынатын өнімдемдердің майсыздандырылған түрлері молынан шығарылуда. Дүкеннен майсыздандырылған сүт, ірімшік, тіпті майлылығы төмен майларды да кездесетірміз.

Алайда ешкім созылмалы шаршау, нашар ұйқы және үлкен дәретпен туатын қиындықтар холестериннің жетпеуінен де болуы мүмкін деп ойлап көрмепті.

Анықтап қарасаңыз холестерин өздігінен нашар немесе жақсы бола алмайды. Ол ақуыз тасымалдағышпен қосылған кезде ғана липопротеинге айнала отырып сапаға ие болады. Егер ақуыз «дұрыс» болса, онда ол холестеринді метаболизм орындалатын бауырға алып келеді және майдан пайдалы және қажетті заттар өндіріледі. Егер ақуыз «дұрыс емес» болса, ол холестеринді басқа кез-келген бағытқа алып кетеді (тіптен қажет етпейтін жасушаларға), сонда ол қан тамырлары қабырғалары жабысып қалады да, түйіндіктер пайда болады.

Ақиқат қайда жатыр?

Ал ақиқат зиянды және пайдалы майлардың жоқтығында жатыр. Ағза үшін тек қажетті қанығудың әртүрлі деңгейіне ие май қышқылары және оларды тұтыну нормалары ғана бар.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!