Жоғарғы температурада өңделген тағамдардың қауіптілігі

Фотография - Жоғарғы температурада өңделген тағамдардың қауіптілігі

АҚШ ғалымдары күнделікті тұтынатын өнімдерді акриламидтеуді  азайтуды талап етіп отыр.

151 0

АҚШ ғалымдары күнделікті тұтынатын өнімдерді акриламидтеуді  азайтуды талап етіп отыр.

Көптеген зерттеулердің қорытындысы бойынша бұл қосылыс алғаш рет 2002 жылы ашылған болатын. Ол жануарларда обыр ауруын тудырады. Соған қарағанда ол адам ағзасы үшін де өте қауіпті болса керек деуде ғалымдар.

Акриламид өнімдерді жоғарғы температурада өңдеу, яғни пісіру, қуыру уақытанда түзіледі.

Сол үшін сарапшылар тамақтану рационынан картоп, жармалар, кофе, крекер, нан, құрғақ жемістерді тұтынуды азайту керек деп отыр. Акриламид аталған өнімдердің құрамындағы қант және амин қышқылдарынан түзіледі. Бірақ ол сүт өнімдері мен ет, балықта мүлдем кездеспейді.

Қысқа мерзімді термиялық өңдеу қауіпті емес. Ал өнімді жоғарғы температурада ұзақ уақыт өңдеу акриламид түзілісінің деңгейін жоғарылатады екен.

Кез-келген күйдірілген не күйіп кеткен тағамдар қауіпті. Сол үшін бутерброд жасарда қолданатын кептірілген нан да қатты күйдірілмей, тек аздап алтын түстес болғанша қыздырылуы қажет. Егер өнімді қуырғаннан кейін ол қоңырқай болып кетсе оны жемеген абзал.

Картопты тоңазытқышта сақтауға болмайтындығын есте сақтаңыз. Өйткені бұлай істеу картопты өңдеу уақытында акриламид деңгейінің жоғарылауына себепші болады.

Жалпы алғанда тамақтану рационында жеміс-жидектер, көк-өністер, майлылығы төмен сүт өнімдерін, ет, құс еті, балық, жұмыртқа, жаңғақтарды көп болғаны дұрыс.

Қаныққан және қанықпаған, холестерині мен қант, тұзы аз өнімдер ең ағзаға ең пайдалы өнімдер болып саналатындығын ұмытпаңыз.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!