Австралиялық оқушылар сабақты тұрып оқитын болды

Фотография - Австралиялық оқушылар сабақты тұрып оқитын болды

Австралияның Мельбурн қаласында төменгі сынып оқушылары сабақты тұрып оқитын болды. Бұл - балаларды семіздік пен жалқаулықтан қорғау үшін қолға алынған жоба.

186 0

Австралияның Мельбурн қаласында төменгі сынып оқушылары сабақты тұрып оқитын болды. Бұл - балаларды семіздік пен жалқаулықтан қорғау үшін қолға алынған жоба.

«Тұрып дайындаламыз» деп ата­латын оқу бағдарламасы Монт Аль­берт мекте­бінде енгізілді, деп жазады «Алаш айнасы» басылым. Мeddaily.ru-дың хабар­лауынша, екі ай бұрын сынып­тарға биік үстелдер қойылған. Оқу­шылар сабақты сол үстелдерге сүйе­­ніп тұрып оқиды. Отырғысы келген балаларға рұқсат беріледі. Педа­гог­тардың айтуынша, бұл әдіс оқу­шы­лардың сабақты жақсы иге­руі­не оң әсер етеді әрі гипербелсенді балалар үшін өте қолайлы. «Ең бастысы, жаңа жобаның көмегімен балалар арасындағы семіздік ауруының алдын алуға болады. Тұрып тұрған кезде бұлшықет көп қозғалып, қан айналымы жақсарады, ағза шаршамайды. Ал отыру сусамыр, жүрек-қан тамырлары ауруы қаупін туғызуы мүмкін», - дейді австралиялық мамандар.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!