Макарон мен ақ нан әйел денсаулығына зиян

Фотография - Макарон мен ақ нан әйел денсаулығына зиян

Милан Ұлттық институтының зерттеушілері бірқатар ғылыми тәжірибе жүргізіп, ақ нанның әйел денсаулығына зиян келтіретінін, ал ер адамдар ағзасында ол еш маңызды рөл ойнамайтынын анықтады

441 0

Милан Ұлттық институтының зерттеушілері бірқатар ғылыми тәжірибе жүргізіп, ақ нанның әйел денсаулығына зиян келтіретінін, ал ер адамдар ағзасында ол еш маңызды рөл ойнамайтынын анықтады, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Зерттеу жүргізу үшін адамдар тобы іріктелді, деп хабарлайды VladTime. 47 мың ер адам мен әйел ақ нан мен макарон, ұннан жасалған тағамдарды күнделікті жейтін болды.

Біраз уақыттан кейін ғалымдар әйелдерде жүрек-қан тамырлары ауруларының екі есеге ұлғайғанын анықтаса, ал ер адамдарда бұл байқалмаған.

Бұдан шығатын қорытынды, егер нәзік жандылар ұн тағамдарынан бас тартса, олар тек артық салмақтан ғана құтылмайды, жүрек-қан тамырлары ауруына да шалдықпайды.

Аталмыш азық-түлікте жоғары гликемикалық индекс байқалады, ол қандағы қант мөлшерінің артуына әкеп соғады. Айта кетсек, екі жасқа дейінгі балаларға ақ нан беруге болмайды, өйткені ол тіс пен көру мүшесіне зиян келтіреді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!