Wi-Fiденсаулыққа зиянды

Фотография - Wi-Fiденсаулыққа зиянды

Ғалымдар адамзатқа зор пайдасын тигізіп жүрген техникалық прогресс құралдарынан мін іздеуді тоқтатар емес

328 0

Ғалымдар адамзатқа зор пайдасын тигізіп жүрген техникалық прогресс құралдарынан мін іздеуді тоқтатар емес. Олардың назары енді интернетпен сымсыз байланыстыратын Wi-Fi желісіне түсіпті. Даниялық ғалымдар тобы сымсыз интернетпен байланыс, яғни Wi-Fi-дың адам денсаулығына әсерін зерттеді.

Соңғы жылдары техникалық жаңалық болып, адамзаттың қолданысына кеңінен енгізілген Wi-Fi-технологиясының денсаулыққа тигізер зияны да жетіп артылатын көрінеді. Атап айтқанда, мидағы тамырларға әсер етіп, олардың тартылып, қысылуына әкеліп соғады екен. Ал ол өз кезегінде бастың ауруына себеп болады - деп хабарлады  baq.kz

Ғалымдар мұндай шешімге мектеп оқушыларына жүргізілген зерттеуден кейін келді. Олар оқушылар ұйқыға жатқанда жастықтарының астына Wi-Fi желісі қосылған смартфондар салып жүрген. Ертеңінде балалардың денсаулық жағдайын тексеріп, оқушылардан бас ауруды, шаршағандықты байқаған.

Сонымен қатар, үйінде Wi-Fi желісін пайдаланушылар өзінің бөлме өсімдіктеріне назар аударулары тиіс. Өйткені жүргізілген тәжірибе негізінде Wi-Fi желісі өсімдіктерді құртатыны дәлелденді. Қосулы Wi-Fi-модемімен бір бөлмеде тұрған 6 өсімдік түрі 12 күнде-ақ құрғап, сарғая бастаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!