Тараздық өнертапқыш әмбебап өрт сөндіру машинасын ойлап тапты

Фотография - Тараздық өнертапқыш әмбебап өрт сөндіру машинасын ойлап тапты

Тараздық өнертапқыш әмбебап өрт сөндіру машинасын ойлап тапты

212 0

Тараздық өнертапқыш әмбебап өрт сөндіру машинасын ойлап тапты. Мұны теория жүзінде дәлелдеп шыққан Марат Аюбаев ашқан жаңалығына арнайы патент те алды. Алайда, сынақтан өткізу үшін, техниканың өзін жасауға қазір қаржы таппай жүр. Егер осы жаңалық өндіріске енгізілетін болса, сусыз аймақта екі тәулікке дейін тоқтаусыз жұмыс істей алатын өрт сөндіру машинасы пайда болады - деп хабарлады  baq.kz

Зейнет жасындағы Марат Аюбаев өрт машинасын осыдан 13 жыл бұрын ойлап тапқан. Бұл машинаның ерекшелігі, өртті бес компонентпен өшіре алады. Өнертапқыштың айтуынша, жаңалық жүзеге асса, нағыз техникалық төңкеріс болмақ. Себебі, «Аюбаев» өрт сөндіру машинасы Ресейден алынатын көліктерден он есеге арзан, әрі тиімді болады,-дейді ол.

Марат Аюбаев, Өнертапқыш:

- Бұл көпсалалы өрт сөндіру машинасы бумен өшіреді, мінеки, қызыл, көрдіңіз ба? Бумен, бу аралас сумен, сумен, үш болды ма? Көбікпен и инертный газбен. Сонда бұл машинаның істеу уақытысы 50 сағаттан көп.

Бұл жаңалық әзірге қағаз жүзінде ғана. Құрылғының өзін жасауға қаржы қажет. Өнертапқыш жобасын ұсынып, біраз табалдырықты тоздырыпты. Тіпті, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына да қатысқан.

Марат Аюбаев, Өнертапқыш:

- Конструктор керек, одан кейін экономист керек. Басқа керек, завод керек. Оның барлығы қаржы нәрсе. Әрі қарай осыны жаңағы Үкімет қолдауы керек. Енді бизнес-план деп айтып жатыр ғой. Оның бәрі пока іс жүзінде аспай жатыр. Мен бизнес планға түстім. Онда сабын, көбігі сабынды істейтін производство жеңді. Адамды, жүз, мыңдаған адамның өмірі құтқаратын. Ол артта қалды. Себебі, біздің заңымызда жаңағы 20 процент деген бәле бар. Соны жаңағы бізге шығу керек.

Марат Аюбаевтың тағы бір жаңалығы, ол өртті бумен өшіретін құрылғысы. Өнертапқыш оны сынақтан өткізіп те көріпті. Байқап тұрғандарыңыздай, оның көмегімен лаулаған қызыл жалынды аз уақытта сөндіруге болады екен. Оның үстіне бұл суға да үнем болмақ. Автор медицина, энергетика сияқты түрлі салаларда жалпы 25 жаңалық ашқан. Оның 20-сына алдын ала патент те алыпты. 67 жастағы өнертапқыш мұнымен тоқталмақ емес. Бастаған ісімді аяғына дейін жеткіземін. Құзырлы органдардан қолдау таппасам, жеке демеушілерге жүгінемін деп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!