Yahoo сайты жүз мыңдаған компьютерді вируспен зақымдаған

Фотография - Yahoo сайты жүз мыңдаған компьютерді вируспен зақымдаған

Бірнеше күн бойы сайттың жарнама серверлері зиянды бағдарламаларды таратқан.

247 0

Бірнеше күн бойы сайттың жарнама серверлері зиянды бағдарламаларды таратқан.

«Yahoo іздеу порталының жарнама серверлері бірнеше күн бойы пайдаланушылардың компьютерлеріне вирус таратып келген. Зиян әкелетін бағдарлама әлем бойынша жүз мыңдаған компьютерді бүлдіріп үлгерді», -делінген хабарламада.

Атап өтілгендей, жарнама хабарландыруларын қарап жатқан кезде пайдаланушының компьютеріне эксплойттар – зиянды кодтар жүктеліп отырған. Осындай вирустың орнатылуы салдарынан зиянкестер пайдаланушылардың парольдерін біліп алған. Сондай-ақ мұндай бағдарламалар пайдаланушы атынан спам жібереді.

Ең көп зиян шеккен – Румыния, Ұлыбритания және Франция елдері порталдарының пайдаланушылары.

Ғаламтор-іздеушінің өкілдері зиянды жарнаманың таратылғанын растап, компьютерге зиян әкелетін қауіпті хабарландыруларды жойғанын мәлім етті.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!