Адам миы 45 жасында қартая бастайды

Фотография - Адам миы 45 жасында қартая бастайды

Адам миының қартаюы бұрындары 60 жас деп есептеліп келсе, енді 45 жас екендігі анықталып отыр

629 0

Адам миының қартаюы бұрындары 60 жас деп есептеліп келсе, енді 45 жас екендігі анықталып отыр.

Лондонның Университеттік колледжінің ғалымдары жаңа зерттеулердің негізінде осындай шешімге келіп отыр.

10 жылдық зерттеуге 45-70 жас аралығындағы 7 мыңға жуық адам қатысқан, деп хабарлады Comments. Тәжірибе барысында олар жүйелі түрде тест тапсырып, өздерінің еске сақтау қабілеттері, сөздік қорын тексерген.

Нәтижелер сараптамасы адамның ақыл-ойының қабілеті 45-49 жаста-ақ 3,6 пайызға төмендейтінін көрсеткен. Жас ұлғайған сайын бұл үдеріс ұлғая түседі. 65-70 жаста адамның ақыл-ой қабілеті ер адамдарда 9,6 пайызға, әйелдерде 7,4 пайызға кемиді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!