2016 жылға қарай елордада үш ауысымдағы оқу толығымен жойылады

Фотография - 2016 жылға қарай елордада үш ауысымдағы оқу толығымен жойылады

37 0

2016 жылға қарай елордада үш ауысымдағы оқу толығымен жойылады. Бұл туралы бүгін Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов ҚР Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауын талқылау бойынша қала активінің отырысы барысында мәлімдеді.

 

«Өткен жылы 4 мектеп тапсырылды. Биыл 10 мектеп пайдалануға беріліп, 5 орта білім беру нысанының құрылысы басталады. Ал 2016 жылға қарай қалада үш ауысымдағы оқу толығымен жойылады»,- деп келтіеді Тасмағамбетовтың сөзін елорданың реми сайты.

 

Оның атап өтуінше, аз ғана көші-қон ағыны болмағанда, жалпы білім беру нысандарының белсенді құрылысын есепке ала отырып, екі ауысымдық оқуға үстіміздегі жылы көшуге болатын еді.

 

Сонымен қатар, қала басшысы білім саласындағы тағы да бір маңызды міндетті атап өтті. Бұл еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар бойынша жаңа арнайы орта оқу мекемелерін салу және олардың сапалы жұмысы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!