Қыз баланың гені әкенің денсаулығына тәуелді

Фотография - Қыз баланың гені әкенің денсаулығына тәуелді

22 0

Әке болуды ойлаған еркек өз рационына ерекше мән беруі керек. Әсіресе, дүниеге келетін қыз балалардың гені әкенің салмағы мен дұрыс тамақтануына тәуелді.

Мeddaily.ru-дың хабарлауынша, ағылшын ғалымдары мұны кеміргіштерге жүргізілген сынақ нәтижесінде дәлелдеді. Олар үнемі майлы өніммен қоректенетін әрі сусамыр ауруы белгісі бар семіз тышқандар мен сау тышқандарға сынақ жүргізген. Бұл екі топ та арық ұрғашы кеміргіштермен шағылыстырылды. Зерттеудің қорытындысына қарағанда, семіз аталықтардан туған ұрғашы тышқандардың ағзасы реттелген диетаның өзінде де глюкозаны ыдырата алмаған. Сонымен бірге, олардың ұйқы безінің қызметі бұзылып, гендерінде де өзгерістер пайда болды. Ғалымдар мұндай жайт адамдарға да тән деп отыр. Дұрыс тамақтанбайтын, семіздік ауруы белгісі бар ер адамдардан туған қыз балаларда сусамыр ауруы қаупі жоғары болады және олар ерте қартаюы мүмкін екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!