Балтық теңізінің түбінен көне шаһар орны табылды

Фотография - Балтық теңізінің түбінен көне шаһар орны табылды

30 0

Швед ғалымдары Балтық теңізінің түбінен тас дәуіріне жататын елдімекеннің орнын тапты. Ол осыдан 11 мың жыл бұрын өмір сүрген швед көшпенділерінің қонысы болуы мүмкін.

Тарихи мекен Швецияның Сконе жағалауынан 16 метр тереңдіктен табылды. Іздеу жұмыстарына Лидс университетінің ғалымдары мен Содертон университетінің профессоры Бьорн Нильсон қатысқан. Жәдігерлердің арасында аңшылық пен еңбекке арналған қару мен құрал-саймандар бар. Олардың біразы ағаштан, кремниден және жіптен жасалса, ішінара Тур өгізінің сүйегінен жасалған қару-жарақ та кездеседі.

Осынау елдімекенді ғалымдар әйгілі Атлантидаға балап отыр. Өйткені, ол Скандинавия түбегінде бұрын-соңды табылған қалалардың ең көнесі. Мұндағы кейбір жәдігерлердің жақсы сақталғандығы соншалық, тарихшылар шаһарды аяқ астынан су басуы мүмкін деген болжамдарын айтты. Дегенмен, қаланың әйгілі Атлантидаға еш қатысы жоқ. Ол көшпенділердің уақытша қоныстанған тұрағы болған.

Қазір ғалымдар су түбін әлі де болса қазып жатыр. Бәлкім біз күтпеген жәдігерлерге тап болуымыз мүмкін дейді олар.


Тегтер:

ғылым

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!