Ғалымдар: ресейліктердің түбіне арақ жетті

Фотография - Ғалымдар: ресейліктердің түбіне арақ жетті

28 0

Ресейдегі ер адамдардың төрттен бірі 55-ке жетпей өмірден өтеді. Ғалымдардың халықаралық тобы бұны алкогольдік ішімдіктерден көріп отыр.

Олардың пікірінше, алкогольдік ішімдіктердің ішінде әсіресе арақ адамға өте зиянды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Lancet медициналық журналында Ресейдің Барнаул, Бийск, жән Томск қалаларында 1999-2010 жылдар аралығында алкогольді тұтыну мәдениетін зерттеу нәтижесі жарияланды.

Зерттеушілер Ресейдегі ер адамдардың төрттен бірі 55-ке жетпей өмірден өтетінін атап өткен. Олардың көбісі арақты көп ішкендер болып шықты.

Ішімдікке қатты салынғандар әртүрлі қатерге тап болады. Айталық ішімдіктен уланып қалады, өзіне-өзі қол жұмсауға дейін барып, тамақ және бауыр қатерлі ісігіне шалдығып жатады.

Ұлыбританияда халықтың 7 пайызы ғана болмаса, қалған көпшілігі 55-тен асып өмір сүреді екен.

Зерттеу авторларының бірі, Оксфорд университетінен Ричард Петоның сөзіне қарағанда, орта есеппен алғанда ересек ресейлік азамат үшін жылына 20 литр арақтан келеді.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!