Халықаралық ғарыш стансасы кезекті «Прогресс» жүк кемесін қабылдауға дайындалуда

Фотография - Халықаралық ғарыш стансасы кезекті «Прогресс» жүк кемесін қабылдауға дайындалуда

24 0

Кеше  «Прогресс М-20М» көліктік жүк кемесі Ресейдің Халықаралық ғарыш стансасынан штаттық режімде ажыратылды және қазіргі уақытта автономды түрде ұшуда.

Оның ұшуын 11 ақпанда тоқтату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Роскосмос.

Бірнеше күннен кейін Халықаралық ғарыш стансасы оның орнына «Байқоңырдан» ұшырылатын «Прогресс М-22М» жүк кемесін қабылдамақ.

«Прогресс М-22М» тасымалдаушы жүк кемесімен «Союз-У» зымыран-тасығышы Астана уақытымен 5 ақпанда 22 сағат 23 минутта ұшырылады.


Тегтер:

Космос @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!