607

Елордада 600 адам тегін компьютерлік білім алды

Бүгінде «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 600 елордалық компьютерді меңгерудің базалық машықтарын үйренді, соның ішінде 420 тыңдаушыға сертификат табысталды, 180 адам оқуын жалғастырып жатыр.
Фотография - Елордада 600 адам тегін компьютерлік білім алды

Астана қаласының тұрғындары компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыруда. Бүгінде «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 600 елордалық компьютерді меңгерудің базалық машықтарын үйренді, соның ішінде 420 тыңдаушыға сертификат табысталды, 180 адам оқуын жалғастырып жатыр.

Курстар қазақ және орыс тілдерінде бір апта бойы 3 академиялық сағаттан өтеді. Тыңдаушыларға оқу-әдістемелік өтемақы, оқу дискісі және кеңсе заттары беріледі. Курсты тәмамдаған соң тестілеу өткізіліп, соның негізінде белгіленген үлгідегі сертификаттар табысталады.

Білім алуға 45-63-53, 8-702-816-24-49 телефондары бойынша күн сайын сағат 8.00-22.00 өтініш беруге болады. Курстар Астана қаласы, Әуезов көшесі 36 үй (Астана гуманитарлық-құрылыс колледжі) мекенжайы бойынша өтеді.

 

Загрузка...