699

Қытай Жерді қашықтықтан бақылау жерсерігін орбитаға шығарды

Фотография - Қытай Жерді қашықтықтан бақылау жерсерігін орбитаға шығарды

Қытай «Яогань-26» Жерді қашықтықтан бақылау жерсерігін орбитаға ойдағыдай шығарды.

«Яогань-26» ғылыми тәжірибелер жүргізу және Жерді үстінен бақылау үшін қолданылады. Жерсерігінен алынған ақпарат ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау кезінде бақылау үшін, сонымен бірге табиғи апаттардан келтірілетін залалдарды азайту үшін пайдаланылады», деп хабарлады ТАСС.

Жер серігі Шаньси провинциясының солтүстігіндегі Тайюань ғарыш айлағынан «Чанчжэн-4 Би» зымыран-тасығышының көмегімен ұшырылды.

«Яогань» сериясындағы алғашқы жерсерігі жер орбитасынан 2006 жылы ұшырылған еді.

Загрузка...