Microsoft жылдам істейтін жаңа браузер шығармақ

Фотография - Microsoft жылдам істейтін жаңа браузер шығармақ

374 0

Америкалық Microsoft компаниясы Spartan деген атауға ие болған жаңа браузерді (ғаламтор сайттарын қарауға арналған бағдарлама) дайындау үстінде, - деп хабарлайды ТАСС.

Spartan өз жылдамдығымен ерекшеленгенімен, танымал Firefox және Chrome браузерлеріне ұқсас болады. Ол Microsoft-тың Windows 10 - жаңа операциялық жүйесімен бір мезгілде қолданысқа берілмек.

Ғаламтор ресурсының мәліметінше, Windows 10 операциялық жүйесінің шығарылуымен қатар, Internet Explorer 11 де көпшілікке ұсынылады. Бұл ретте, Spartan-ның кем дегенде екі нұсқасы: мобильді және компьютерге арналған түрі шығарылатынын атап өту керек.

Spartan - бағдарламаның уақытша атауы. Кейін оның өзгертілуі де мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?