624

Inmarsat серігі бар «Протонды» ұшыру 1 ақпанға шегерілді

Федералдық ғарыш агенттігі Inmarsat серігі бар «Протон-М» тасығыш-зымыранын ұшыруды кейінге қалдыру туралы оң шешім қабылдады, деп хабарлады жұма күні РИА Новостиге Ресей Федералдық ғарыш агенттігінің өкілі.
Фотография - Inmarsat серігі бар «Протонды» ұшыру 1 ақпанға шегерілді

Федералдық ғарыш агенттігі Inmarsat серігі бар «Протон-М» тасығыш-зымыранын ұшыруды кейінге қалдыру туралы оң шешім қабылдады, деп хабарлады жұма күні РИА Новостиге Ресей Федералдық ғарыш агенттігінің өкілі.

«Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша 1 ақпанға шегеру туралы шешім қабылданды», - деді агенттікпен әңгімелесуші мән-жайды нақтыламай. 

Бұған дейін бірқатар БАҚ, 30 қаңтарға жоспарланған «Протон-М» тасығыш-зымыранын ұшыру 1 ақпанға шегерілді деген ақпарат таратқан. Бірақ Роскосмос тапсырыс берушіден де, ұшыруларға жауап беретін кәсіпорыннан  (Хруничев атындағы орталық) да  өтініштің түспеуіне байланысты бұл ақпаратты растамаған. 

 
 
newskaz.kz
Загрузка...