Facebook пен Instagram қайта қосылды

Фотография - Facebook пен Instagram қайта қосылды

Бүгін бірнеше елде Facebook әлеуметтік желісі мен Instagram фото-видео алмасу қызметі жұмысында кідіріс болып, олар бір сағатқа жуық уақыттан соң ғана қайта қосылды.

314 0

Бүгін бірнеше елде Facebook әлеуметтік желісі мен Instagram фото-видео алмасу қызметі жұмысында кідіріс болып, олар бір сағатқа жуық уақыттан соң ғана қайта қосылды.

АҚШ, Ұлыбритания, Австралияда және Азия елдерінде Facebook пен Instagram желілері 40 минуттай ашылмады. Кейбір елдерде интернет қолданушылар бұл желілерге әзер кірген. Facebook-тың басқы бетінде қолданушыларды бағыттаған парақшада ақаудың тез арада жөнделетіні айтылған.

Әлемде Facebook-тің 1 миллиард 250 миллион, Instagram-ның 300 миллионға жуық қолданушысы бар.

Facebook желісі соңғы рет 2014 жылдың тамыз айында да істемей қалған.

azattyq.org


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?