Жапония барлаушы жер серігін ұшыруды кейінге қалдырды

Фотография - Жапония барлаушы жер серігін ұшыруды кейінге қалдырды

Жапония күн райының нашарлауына байланысты Танэгасима ғарыш айлағынан (елдің оңтүстігі) барлаушы жер серігін ұшыруды кейінге қалдырды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Бұл туралы Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігі (ДЖАКСА) ақпарат таратып отыр.

569 0

Ғарыш аппаратын жергілікті уақыт бойынша сағат 10:21-де Н-2А ауыр зымыранының көмегімен ұшыру жоспарланған. Алайда синоптиктердің мәліметінше, дәл осы уақытта ғарыш айлағы ауданында күн райы бұзылып, аспанда түнерген қара бұлт қаптаған. Осыған байланысты жер серігін ұшыру кейінге шегерілді.

Енді ДЖАКСА мамандары аппаратты 28 ақпанға дейін ұшырмақ ниетте. Келесі ұшыру операциясы 31 қаңтарда іске асуы мүмкін.

Жапондық барлаушы жер серігі жаңа электронды оптикалық сенсормен және екі радармен жарақтандырылған. Агенттік мамандары ғарыш аппаратын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғи апаттарды болжау үшін мәліметтер жинауға пайдаланбақ.

bnews.kz сайтынан

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?