А. Мұхамедиұлы латын әліпбиіне көшуге асықпау қажеттігін айтты

Фотография - А. Мұхамедиұлы латын әліпбиіне көшуге асықпау қажеттігін айтты

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы латын әліпбиіне көшуге асықпау қажеттігін айтты.

553 0

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы латын әліпбиіне көшуге асықпау қажеттігін айтты. 

Латын қарпіне көшу  - бұл ұзақмерзімді бағдарлама екеніне тоқталған министр, осы бағытта негізгі қадамдар 2025 жылдары іске асырылатындығын жеткізді. Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде ғалымдар осы мәселені тыңғылықты зерттеп жатыр. Бұл тұрғыда компьютер клавиатурасына интеграциялауда проблема бар көрінеді.

Сонымен бірге А. Мұхамедиұлы латын әліпбиіне көшу алдында оқу бағдарламаларын сауатты түрде даярлап алу керектігін атап өтті. Оның пайымынша, асығыстық салдарынан оқулықтар мен білім беру бағдарламаларында кемшіліктер көп болуы мүмкін.

«Сондықтан да осы бағыттағы үдеріс қатты жылдамдатылған түрде жүріп жатқан жоқ. Менің ойымша, бұл үдерісті жылдамдатудың қажеттілгі жоқ. Себебі, ол ең алдымен білім беру мәселесіне келіп тіреледі. Сондай-ақ осы үдеріс біздің қызметімізге кері әсерін тигізбеуі тиіс»,-деді ол.

Сөз соңында министр латынға көшу бойынша бағдарлама қабылданғанын және оны жүзеге асыру тиісті кесте бойынша жүретіндігін айтты.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?