738

Динозаврдан да алып жануардың қаңқасы табылды

АҚШ-тың Вирджиния технология университетінің палеонтологтары Танзанияның оңтүстігінен динозаврлар дәуіріне дейін миллиондаған жыл бұрын тіршілік еткен аса ірі жануардың қаңқасын тапқанын жариялады.
Фотография - Динозаврдан да алып жануардың қаңқасы табылды

АҚШ-тың Вирджиния технология университетінің палеонтологтары Танзанияның оңтүстігінен динозаврлар дәуіріне дейін миллиондаған жыл бұрын тіршілік еткен аса ірі жануардың қаңқасын тапқанын жариялады.  

Бұл жөнінде Daily Mail басылымы хабар таратты. Бұл қаңқа құстың немесе қолтырауынның арғы тегінің қаңқасы да болуы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр ғалымдар арасында. Nundasuchus Songeaensis (грекше suchus – қолтырауын, суахилише nunda – жыртқыш, Songea – маңында қаңқа табылған қаланың атауы) жер бетінде осыдан 240 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Оның ұзындығы шамамен үш метрге жетеді. Тістері өткір. Ежелгі етқоректінің дене тұрқы қолтырауынға ұқсайды, ал аяғы динозаврдікі секілді.

Қаңқасының көп бөлігі сонау 2007 жылы табылған болатын. Алайда, қалған бөлігі осы уақытқа дейін табылмағандықтан, ол туралы бірдеңе айтуға ерте еді. Араға жеті жыл салып, толық қаңқасына қол жеткізген ғалымдар жаңалықты енді ғана жария етіп отыр. Мамандар аса ірі жануар қаңқасының түгелденгеніне қарап, өз гипотезаларын айта жатар. Біздің айтпағымыз, динозаврлар триас кезеңінің соңына таман – шамамен 225 млн жыл бұрын пайда болған. Осыдан 65 млн жыл бұрын мұз кезеңінде қырылып қалған.

 

 

 

Islam.kz

Загрузка...