656

Ғалымдар 200 жылдық монахтың мумиясын тірі дейді

Моңғол ғалымдары осыдан бірнеше күн бұрын ел астанасы – Ұлан-Батор қаласындағы тұрғын үйлердің астынан табылған, 200 жыл толған будда монахының мумиясын зерттеп жатыр.
Фотография - Ғалымдар 200 жылдық монахтың мумиясын тірі дейді

Моңғол ғалымдары осыдан бірнеше күн бұрын ел астанасы – Ұлан-Батор қаласындағы тұрғын үйлердің астынан табылған, 200 жыл толған будда монахының мумиясын зерттеп жатыр. Бұл жайында The Telegraph ақпарат көзі хабар таратты. Дәлірегі, монахтың мумиясы Ұлттық сот сараптамасы орталығына жөнелтілді.

Жергілікті буддашылардың айтуынша, мумияланған монах әлі тірі – ол терең медитациялық трансқа түсіп кеткен. «Лама ваджра лотосы позасында отыр. Сол қолының алақаны ашық, оң қолы Сутра уағызының символын білдіріп тұр. Бұл ламаның өлмегенін білдіреді», - дейді Будда өнері институтының профессоры Ганхүүгийн Пүрэвбат.

Сарапшылардың пайымынша, будда монахы «тукдам» деп аталатын терең күйге түскен. «Егер адам осындай халде үш апта болса, бұл сирек кездесетін жағдай, оның денесі біртіндеп шөгеді. Әрбірден соң ақырында тек шашы, тырнақтары, киімі ғана қалады», - дейді белгілі буддатанушы Барри Керзин.

Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, монах XIX ғасырда қаза тапқан. Оның кім екені әлі анықталған жоқ. Десе де, оның 1927 жылы лотос позасында жерленген бурят Даши-Доржо Итигэлованың денесі болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Монахтың мумиясы Бурятиядағы Иволгин дацанындағы саркофагта сақтаулы тұр.

 

 

 

Islam.kz

Загрузка...