Мобильді қондырғылар ұйқы тәртібін бұзады

Фотография - Мобильді қондырғылар ұйқы тәртібін бұзады

Кейбір электронды құрылғылар шегінен көп диодты жарық шығаратындықтан, адамның ұйықтау тәртібін бұзады.

210 0

Кейбір электронды құрылғылар шегінен көп диодты жарық шығаратындықтан, адамның ұйықтау тәртібін бұзады. Біз әдетте күнделікті жұмысты, кітап оқуды, тіпті белсенді өмір салтын түнде жүргізуді әдетке айналдырып барамыз. Әсіресе, таң атқанға дейін жарық диодтарын бөліп шығаратын планшеттер мен гаджеттерді пайдалануға дағдыланып алдық.

Соңғы кездері бұл проблеманы физиолог-мамандар көтеріп отыр. Себебі, түнде демалуға берілген биологиялық сағаттың дұрыс қолданылмауы ағзадағы зат алмасуды бұзады. Тіпті, артық салмақ қосуға немесе диабеттің алғашқы белгілерінің пайда болуына септігін тигізеді.

Жуырда Джон Хопкинс Университетінің (АҚШ) ғалымдары ұйықтау кезінде жасанды жарықтың сөндірілмей қалуы да адам денсаулығына кері әсерін тигізетінін дәлелдеген болатын. Тіпті, өз уақытында ұйқыға жатсаңыз да, артық жарық диодтарын өшіргеніңіз жөн.

Америкалық ғалымдар жүргізген тәжірибе барысында үнемі жарықта өмір сүрген жануарлардың есте сақтау қабілеті нашарлап, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендеп кеткен. Мамандардың айтуынша, қала тұрғындарының депрессиялық күйге ерте түсуіне де түндегі жарықтар түрткі болады.

АҚШ ғалымы Анна-Мария Чан мен оның Гарвард Университетіндегі әріптестері екі апта бойы 20 ересек адамды тәжірибеден өткізген. Олар күнделікті ұйқы алдында кітап оқитын болған. Еріктілердің жартысы бірінші аптада оқу үшін кәдімгі кітапты қолданса, кейін оның электронды нұсқасына ауысыпты. Қалған жартысы керісінше жасаған.

Мұнан кейін зерттеуші мамандар қолданылған құрылғылардың жарық мөлшерін анықтады. Нәтижеде, электронды құрылғымен оқығандар 10 минутта ұйқыға кеткен. Олардың ертесіне ұйқыдан оянуы да біршама қиын болған. Мұндай кезде адамның биологиялық сағатын бақылайтын мелтонин гормонының мөлшері төмендеп кетеді екен. Сондықтан адамның ұйқысы қанып оянса да шаршау басқан кейіпте болады.

Бұл дегеніміз ең болмағанда кешкі уақытта ғаламтордан аулақ болып, оқу құралы ретінде электронды құрылғыларды емес, кітапты пайдалану керек екендігіне тағы бір дәлел болады. Ендеше ұйқы тәртібін реттеуді ұмытпайық. 

 

baq.kz сайтынан



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!