НАСА Жердің "сыңарын" тапты

Фотография - НАСА Жердің "сыңарын" тапты

НАСА өз сайтында Жерге қатты ұқсайтын жаңа экзопланетаны тапқандығын хабарлап отыр.

195 0

НАСА өз сайтында Жерге қатты ұқсайтын жаңа экзопланетаны тапқандығын хабарлап отыр. Жаңа жұлдызды "Кеплер" телескопы анықтаған. Ол да Күнге ұқсас жарық планетаны айналып жүреді және арақашықтығы да Жер мен Күннің арасындай. Ғалымдар онда тіршілікке қолайлы орта бар болуы мүмкін дегенді айтып отыр.

Kepler-452b деп аталатын жаңа планетаның диаметрі жердікінен небәрі 1,6 есеге үлкен. Онда су сұйық күйінде болуы мүмкін. Ал, егер бұл болжам расталса, онда аталған ғаламшарда тіршіліктің болуы да ғажап емес. Kepler-452b өз "Күнін" 385 тәулікте айналып бітеді, ал Жер 365 тәулікте.

Көлемі мен орналасқан орны Жерге ұқсас болғандықтан жаңа планетаның беті таулы-қатпарлы болуы мүмкін. Бұған дейін де қыртысы қатты ғаламшарлар табылғанымен, олардың көлемі тым үлкен болған немесе орталық жұлдызынан қашықта орналасқан еді.

Жаңа ғаламшар Аққу жұлдыздар шоғырындағы Kepler-452 деп аталатын, Күн секілді планетаны айналады. Оның Күннен айырмашылығы жоқтың қасы. 

 

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!