Ғалымдар: 30 жылдан кейін Жерді топан су басады

Фотография - Ғалымдар: 30 жылдан кейін Жерді топан су басады

Сарапшылардың мәліметтері бойынша Дүниежүзілік мұхит деңгейі жылдам көтеріліп келеді. 30 жылдан кейін көптеген мегаполистер су астында қалады.

332 0

Сарапшылардың мәліметтері бойынша Дүниежүзілік мұхит деңгейі жылдам көтеріліп келеді. 30 жылдан кейін көптеген мегаполистер су астында қалады.

Соңғы зерттеулерге сәйкес Арктикадағы мұз бұрынғыдан да жылдам еріп жатыр. Бұл Дүниежүзілік мұхит суы шамадан тыс көбейіп, әлемдік топан су басуына әкеледі.

 Ғалымдар мұхиттағы су деңгейі бес метрге көтерілгенін растап отыр. Сондай-ақ олар су деңгейінің бір-екі метрге көтерілуінің өзі апаттық жағдайларға алып келетінін ескертеді.

Олардың есептеулерінше әлем бойынша материктердегі мегаполистер 30 жылдан кейін су астына кетеді. Ең бірінші су астына АҚШ-тың шығыс жағалаулары мен Австралия тұрғындарының 80%-ы өмір сүретін бөлігі кетеді екен. Осылайша, 2050 жылы әлемді топан су басуы мүмкін.

Томас Карл, АҚШ-тың Мұхиттық және атмосфералық зерттеулердің ұлттық басқармасы, Климаттық деректер орталығының директоры: - Соңғы уақытта біз климаттық жүйе үрдістерінде қазіргі әлемнің бүкіл тарихынан көрмеген өзгерістерді бақылап отырмыз.

 

24.kz


Тегтер:

топан су 30 жыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!