Судың ойлау қабілетін жақсартатын қасиеттері бар

Фотография - Судың ойлау қабілетін жақсартатын қасиеттері бар

Су – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Денедегі сұйықтықтың мөлшерін сақтау үшін адам күніне екі литр су ішу керек.

764 0

Су – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Денедегі сұйықтықтың мөлшерін сақтау үшін адам күніне екі литр су ішу керек. Бұл – су туралы біз білетін қағидалардың бірі ғана. Ал, Батыс ғалымдары суды тағы бір қырынан танығандығын айтып отыр. Олар судың адамның ойлау қабілетіне тигізетін игі әсерін қарапайым тәжірибемен дәлелдеді. Ендеше, тәжірибе қорытындыларына назар аударайық.

Су тез шешім қабылдауға көмектеседі

Ұлыбританиялық зерттеушілер судың тың қасиетін анықтау үшін зерттеу сынағын өткізген. Тәжірибе 30-35 жас аралығындағы адамдар арасында өтті. Зерттеушілер 10 000 адамды тең екі топқа бөліп, интеллектуалдық тест тапсырмаларын орындауды ұсынған. Бір топ таңғы асқа құрғақтай тамақтанған, ал екінші топ тек су ішкен. Нәтижесінде ,екінші топ бірінші топқа қарағанда сұрақтарға дұрыс және тез жауап бергендігі анықталды. Зерттеу қорытындысы судың ойлау жылдамдығын арттырып, тез шешім қабылдауға көмектесетінін дәлелдеген. Сондай-ақ, судың адамның рефлекстік қабілетін арттыратынын да байқаған.

Су мидың жұмысын арттырады

Шығыс Лондон Университетінің мамандары судық ми жұмысына оң әсерін тигізетінін айтып отыр. Олар жүргізген зерттеуге сәйкес, кезекті емтиханға бір топ студент бір-бір шыны су ішіп кірген. Нәтижесінде, олар бұл жолы алдыңғы емтихандарына қарағанда 10% дұрыс орындаған.

Су қуат береді

Судың адамға берер тағы бір пайдасын Шығыс Лондон Университетінің доценті Крис Паусон дәлелдеді. Ол осынау сұйықтықтың адам ағзасына қуат беретін қасиетін анықтап отыр.

«Денеміздегі судың қалыпты мөлшерін үнемі бұзып аламыз. Ағзадағы сұйықтықтың аздығы адам өміріне кері әсер етеді. Ми денеге ағзаның «құрғағаны» туралы хабар таратса, дене әлсіреп, талықсу пайда болады», - дейді ғалым.

Шаршап-шалдыққанда немесе бас айналудың, әлсіздіктің алдын алу үшін бір шыны су ішу керек. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!