Айдын Айымбетов ғарышта ұлттық тағамдармен тамақтанады

Фотография - Айдын Айымбетов ғарышта ұлттық тағамдармен тамақтанады

Қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов Арал мен Каспий теңіздерінің жағдайын зерттеумен айналысатын болады.

173 0

Қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов Арал мен Каспий теңіздерінің жағдайын зерттеумен айналысатын болады. Бұл жайында "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ президенті Жұмабек Жантаев журналистермен өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Жантаевтың айтуынша, мұнай скважиналарынан шыққан көмірсутектік қалдықтардың Каспийді ластауына қатысты зерттеу жүргізіледі. Айымбетовтың ғылыми бағдарламасына ғарышкердің ағзасына гамма-сәулелердің әсер етуі де енгізіліп отыр. Сонымен қатар, қазақ ғарышкері "Дауыл" жобасы аясында да зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады.

Бұдан бөлек ғарышта тағы бір ғылыми зерттеу жүргізілетін болады. Ол Ұлттық тағамтану инстиутының тапсырысы бойынша жүзеге асқалы отыр. Атап айтқанда, Айымбетов ғарышта қазақтың 8 түрлі ұлттық тағамымен тамақтанатын болады. Олардың қатарында ет, айран, ірімшік бар.

 

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!