Смартфонды шырақпен қуаттауға болады

Фотография - Смартфонды шырақпен қуаттауға болады

Мұндай ерекше тәсілді америкалық өнертапқыштар ойлап тапты

179 0

Қалта телефонын қарапайым шырақпен де қуаттауға болады.

Мұндай ерекше тәсілді америкалық өнертапқыштар ойлап тапты. Алдымен кішкентай генератордың ішіне су құйылады. Содан кейін шырақтың білтесі тұтандырылады. Сәлден соң USB сымы арқылы телефонды қуаттай беруге болады. Осылайша смартфондармен қоса, фотоаппарат, планшет сияқты кішігірім гаджеттердің де күш-қуатын молайтуға мүмкіндік бар. Бір қызығы, қуаттағыш құралдың құны 60 доллардан аспайды. "Ең бастысы, бұл – электр қуаты жоқ аудандарда бірден-бір таптырмас құрылғы", - дейді ғалымдар.

Эндрю Бирнс, Stower компаниясының негізін қалаушы:

 - Технология термоэлектроника қағидатына негізделіп отыр. Оттың көмегімен генератордың бір жағы ысиды. Ал оның жылуы жетпеген екінші жағы суық болып тұрады. Осылайша, температура айырмашылығының арқасында бір жақтан екінші жаққа ауысатын энергия диффузиясы пайда болады.
 


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!