Жаңа зымыран қозғалтқышы ғарышкерлерді төрт сағатта Айға жеткізе алады

Фотография - Жаңа зымыран қозғалтқышы ғарышкерлерді төрт сағатта Айға жеткізе алады

Неміс ғалымдары электромагнитті қозғалтқыш ғарыш кемесін төрт сағат ішінде Айға жеткізе алатынын дәлелдеді.

168 0

Неміс ғалымдары электромагнитті қозғалтқыш ғарыш кемесін төрт сағат ішінде Айға жеткізе алатынын дәлелдеді.

Электромагнитті қозғалтқышты жасауды британиялық ғалым Роджер Шоер 2000 жылы ұсынған болатын. Алайда ғалымдар қоғамдастығы мұндай мүмкіндікке сенбеді.  RT ағылшын тілді сайты хабарлағандай, кейін НАСА бұл жобаға қайта оралды.

Дрезден технологиялық университетінің ғалымдары электромагнитті қозғалтқыш  ғарыш кемелерін Айға төрт сағат ішінде, ал Марсқа 70 күн ішінде жеткізе алатынын растады.

Ғалымдар түсіндіргендей, мұндай қозғалтқыш тұйық камераның қабырғасынан электромагнитті сәулелену бейнесінің арқасында  күш алады. Ол үшін зымыранның жанар-жағар майы керек емес. Күннің сәулесі жеткілікті. 

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!