Сандық қолтаңбасы бар SIM-карталар сатылымға шығады

Фотография - Сандық қолтаңбасы бар SIM-карталар сатылымға шығады

Тамыз айының орта шенінен бастап Қазақстанда электронды сандық қолтаңба енгізілген SIM-карталар сатылымға шығарылады.

137 0

Тамыз айының орта шенінен бастап Қазақстанда электронды сандық қолтаңба енгізілген SIM-карталар сатылымға шығарылады.

Бұл туралы бүгін Астанадағы мобильді үкімет жаңашылдығын таныстыру рәсімінде белгілі болды. Енді жаңа үлгінің көмегімен мобильді құрылғы арқылы барлық мемлекеттік қызметтер жайлы кезкелген ақпаратқа қол жеткізуге болады. Осы мақсатта "Алтел" ұялы байланыс операторымен келіссөз жүргізіліп те қойған. Мұндай өзгерістер электронды үкімет жүйесін жетілдіру үшін енгізіліп отыр. Айта кетейік, Қазақстан осы жүйенің дамуы бойынша ТМД елдері арасында көш бастап тұр.

Анар Мағзұмова, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметкері:

 - Оның негізгі артықшылығы – қарапайымдылығында. Мысалы, қазір электорнды қызметтерді қолдану үшін мобильді телефонға арнайы қосымша енгіземіз. Оны енгізу үшін интернет пен смартфон керек. Ал ЭСҚ-ның айырмашылығы қарапайым телефон арқалы қолдануға болады.



24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!