IOI-2015: 11 қатысушы бойжеткенге естелік сыйлықтар табыс етілді

Фотография - IOI-2015: 11 қатысушы бойжеткенге естелік сыйлықтар табыс етілді

Алматыда информатикадан халықаралық олимпиада жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар медальға қол жеткізгендерден бөлек, бойжеткендерге де сыйлық табыстады.

175 0

Алматыда информатикадан халықаралық олимпиада жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтіп жатыр.
Ұйымдастырушылар медальға қол жеткізгендерден бөлек, бойжеткендерге де сыйлық табыстады. Оларға сыйлықты "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаева табыстады.

"Қатысқан 323 баланың 312-сі ер бала болса, 11-і ғана қыз бала. Осы əділетсіздікті түзету үшін біз қыздарды ынталандырып қоюды дұрыс деп шештік. Оларды осы жетістіктерімен құттықтап, қазақтың ұлттық қолтаңбасымен тігілген мынадай сөмкелерді табыстауды жөн көрдік. Жеңістеріңіз ұзағынан болғай!",- деді Ш.Қирабаева.

Айта кетейік, бүгін олимпиада қорытындысы бойынша 161 медаль тапсырылды. Оның 4-уі - Қазақстанның еншісінде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!