Ғалымдар ұйқы безінің қатерлі ісігін жылдам анықтаудың жаңа тәсілін ойлап тапты

Фотография - Ғалымдар ұйқы безінің қатерлі ісігін жылдам анықтаудың жаңа тәсілін ойлап тапты

Ұйқы безінің қатерлі ісігі - кейінгі жылдары жиілеп, 100 мың адамның 2,9-да кездесіп отыр.

645 0

Бүгінгі күні онкологиялық сырқаттардың тек денсаулық сақтау саласының ғана емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік және экономикалық мәселесіне айналып отыр. Ресми мәліметтерге сүйенетін болсақ жыл сайын дүние жүзінде он миллион адам қатерлі ісік ауруына шалдығатыны анықталса, олардың сегіз миллионы көз жұмады екен. 

Ғалымдар жуырда адамдарда жиі кездесетін ұйқы безі қатерлі ісігін алдын алудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Дерттің алғашқы белгілерін зәрдің көмегімен анықтаған.

Дәрігерлердің айтуынша, Ұлыбританияда ұйқы безі обырына жылына тоғыз мыңнан астам адам шалдығады. Бұл ауруға диагноз қойылып болған соң, адамдардың үш пайызы ғана бес жылдай өмір сүре алады екен. Оның себебі, ауру тек асқынып, ағзаға тарай бастағанда ғана белгілері шыға бастайды. Ісік тез арада жалпы өт өзегіне, ұлтабарға, қарынның антральды бөлігіне және денесіне, күрделі қан тамырларына шабады. Бауырға, өкпеге, бүйрекке, сүйекке гематогенді жолмен жайылады.

Жуырда Ұлыбритания және Испания ғалымдары аурудың алдын алатын арнайы тест құрылғысын ойлап тапты. Ол зәр арқылы аурудың енді пайда болған бірінші сатысынан бастап дер кезінде емделуге мүмкіндік береді. Яғни, өз уақытында ем қабылдап, аурудың алдын алуға көмектеседі. Негізінен бұл кесел көбіне ауру асқынып 3-4-ші сатысында ғана анықталады. Егер ауру 1-2 сатысында анықталса, науқастардың 60 пайызы айығып кетер еді дейді мамандар.

Ұйқы безінің қатерлі ісігі - кейінгі жылдары жиілеп, 100 мың адамның 2,9-да кездесіп отыр. Шылым шегушілерде науқас 2,5 рет жиі байқалады.

Ғалымдардың сөзінше, канцерогендермен қатынасу, қантты диабетпен, созылмалы панкреатитпен ауыру, семіздік ауруына шалдығу ұйқы безі қатерлі ісігіне ұшырататын себептер болып саналады.

 

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!